СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Көлік және коммуникация Жоғары колледжінде алкоголизмнің алдын алу бойынша "Байсалды жастар - мықты ел" атты ақпараттық-танымдық интерактивті дәріс өтті.
- Қаралды: 211
Оны № 3 қала. лық емхананың алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Наталья Павловна Протченко өткізген.
Дәріс жасөспірімдерді алкогольдің ағзаға зиянды әсері және алкогольге тәуелділіктің дамуы туралы ақпараттандыру мақсатында өткізілді. Негізгі бағыт - жасөспірімдерде алкогольге баулуда қоршаған ортаның қысымына төтеп беру қабілетін дамыту, сондай-ақ жастар мен жасөспірімдер ортасында СӨС насихаттау.
Іс-шара барысында "алкогольдің ағзаға әсері" атты слайдтармен пікірталас өткізілді, онда балалар алкогольдік ішімдіктердің зиянды құрамы, сондай-ақ алкогольге тәуелділіктің даму себептері мен қауіп факторлары туралы білді. Тыңдаушыларға алкогольді ішімдіктерді тұтынудың қауіптілігі мен салдары, оның ағзаға тигізетін зияны туралы ақпарат жеткізілді.
Сабақ соңында жастар жаман әдетке лайықты балама - салауатты өмір салты бар деген қорытындыға келді.