СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
"Binom school" оқушылары үшін. А. Байтұрсынұлы "Жас Толқын" ЖДО гинекологы Динара Түсіпбекова "репродуктивті денсаулықты қорғау"тақырыбында семинар өткізді.
- Қаралды: 258
Семинардың мақсаты оқушыларда өзін-өзі күтудің дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру және жыныстар арасындағы таза, шынайы қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу. Сондай-ақ, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және жаман әдеттерінің алдын алу, жасөспірім кезіндегі ағзадағы өзгерістер туралы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, етеккір циклі, репродуктивті денсаулық пен отбасылық-неке қатынастарының байланысы, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Тыңдаушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды, сондай-ақ өздері үшін пайдалы ақпарат алды.