СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша онкүндіктің соңғы күндері №3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі мен "Жас Толқын" ЖКО қызметкерлері студенттер арасында жол жүру ережелерін сақтау бойынша хабардарлықты ар
- Қаралды: 250
Тыңдаушылар алдында №3 ҚП алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Наталья Павловна Протченко, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, Нұр-сұлтан қаласының полиция капитаны Жансая Қуанышевна Садуакасова сөз сөйледі. Екі спикер жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін атап өтті, оқиғалар мен жарақаттанушылық статистикасын келтірді, сондай-ақ ережелерді бұзған жағдайда айыппұл сомалары айтылды.
Сондай-ақ, шара аясында "Шипагер" медициналық колледжінің студенттері жол-көлік оқиғасы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізді.
Ал бағдарлама соңында СӨС дәрігері Азат Асланұлы Нұрмағамбетов жол қозғалысы ережелері бойынша викторина өткізді, сондай-ақ іс-шара тақырыбы бойынша студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді.