СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
📞 СІЗ ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАНДАЙ СЕБЕППЕН ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ?
- Қаралды: 275
✅ егер сізден шұғыл көмек алу үшін, учаскелік дәрігерге немесе сүзгі-кабинетке бару үшін сақтандырылған мәртебесінің болуы талап етілсе;
✅ егер сізге учаскелік дәрігердің болмауы немесе оған жазбаның болмауы себебінен оның қабылдауынан бас тартылса;
✅ егер сіз аумақтық принцип бойынша емханаға бекітілген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер үйден қоңырау шалуыңызға байланысты жұмыс жасамаса;
✅ егер сіз тар бейінді маманнан оның жоқ болуы себепті немесе жазба бір айға толы болғандықтан кеңес ала алмасаңыз;
✅ егер сізге денсаулық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
✅ егер сізді ақылы тексерулерге жіберсе немесе 10 жұмыс күнінен артық жазбаны күту ұсынылса;
✅ егер сіз жүргізілген тексеру нәтижелерімен таныспаған болсаңыз;
✅ егер дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін дұрыс ұстамаса;
✅ егер сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;
✅ егер сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
✅ егер сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңыздан қате деректер немесе жазбалар тапсаңыз;
✅ егер сіз жалпы медперсоналдың және медициналық ұйымның жұмыс сапасына қанағаттанбасаңыз;
✅ егер сізге COVID-19 бойынша медициналық көмек көрсетілмесе-шақыруға мобильді бригада келмесе, аурудың белгілері болған кезде ПТР-тестілеу өткізілмесе, тиісті тегін дәрілік препараттар берілмесе;
✅ егер сізде вакцинация туралы сұрақтарыңыз болса, сізге COVID-19 вакцинациясынан негізсіз бас тартылса;
✅ ТМККК және МӘМС пакеттерінде медициналық көмек алуға байланысты басқа да мәселелер бойынша.