СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Асылбекова Жанат Алдабергенқызы - психолог. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы №3 қалалық емханасында 2021 жылдың қараша айынан бастап қызмет атқарып отыр. Еңбек өтілімі - 18 жыл.
- Қаралды: 328
"Бала кезімнен медицина саласында жұмыс істесем деген арманым болатын, заман талабына сай мамандығым көп сұранысқа ие", - дейді дәрігер.
Қазіргі таңда әлеумет өз өміріне бейжай қарамайды, психолог маманына жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді. Емделушілерге психолодиагностика, психокоррекциялық жұмыстар жүргізіледі. Өмірдің қиын сәттеріне жүгіне қарап психоэмоционалды көмек көрсетілуде.
Күнделікті жұмыс барысында мекемеге тіркелген оқу орындарына қызықты семинарлар өткізіледі. Семинарлар ауқымды, қоғамда болып жатқан сұрақтар қозғалады. Көбінесе бастапқы оқу табалдырығын аттаған кезде адаптациялық лекциялар өткізіледі. Студенттердің бір-біріне үйренісе алмауынан көп кикілжіңдер кездеседі. Топтық қарым-қатынасты орнатуға арналған тренингтер жүргізіледі.
«Қазіргі таңда жасөспірімдердің қиялдары өте жоғары. Өйткені, заман талабы мағлұматты көп таратуда. Осыған орай жүйкелері де тез жұқаруда. Қиын сәттерге төзе білмейді. Қарым-қатынас орнатуда көп қателіктерге тап болады. Кенестер барысында клиенттердің көпшілігі ата-анасымен қарым-қатынасты орната алмайды, отбасындағы тәрбиенің жіберіп алуынан өсіп келе жатқан жеткіншек қоғамда өз орынсыз қалуда. Көпшілік ата-аналарға берер кеңесім отбасыларыңызға көп көңіл бөлу, балаларыңыздың ой-санасымен бөлісу. Емхана психологы жұмысының қиын сәттері болғанымен де, әр маман өзінің біліктілігіне сүйене көмек көрсетсе еш кедергі жоқ» - деп ойлайды Жанат Алдабергенқызы.