СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
ЕГУ ПУНКТТЕРІНДЕГІ ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУ АЛГОРИТМІ
- Қаралды: 354
Вакцинациядан бұрын терапевт тексеретін келесі қадамдар:
1. Температураны, сатурацияны және қысымды өлшеу
2. Науқастың жалпы жағдайын бағалау
3. Созылмалы аурулардың және препараттарға аллергиялық реакциялардың болуына негіз бойынша тексеру
4. Пациенттің вакцинацияға психологиялық дайындығын бағалау
Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, терапевт пациентке КВИ-ге қарсы вакцинацияны ұсынады
КВИ-ға қарсы вакцинацияны алуға келесі тұлғалар жатпайды:
- егулерге қарсы көрсетілімдері бар адамдар
- КВИ жіті және симптомсыз нысанындағы адамдар
Маңызды! Вакцинациялау алдында КВИ-ға қарсы антиденелердің болуына скрининг жүргізілмейді
КВИ асимптоматикалық және жеңіл түрлерімен ауыратын науқастарға сауыққаннан кейін 2-4 аптадан кейін, орташа және ауыр формаларда 6 айдан кейін егу ұсынылады.
Пациентке таңдау құқығы беріледі:
вакцинациялауға келісім беру немесе бас тарту, екі жағдайда да пациенттің шешімі құжатпен рәсімделеді.
Вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін вакциналардың 3 түрі - QazVac, Sinopharm, қайта вакцинациялау және ревакцинациялау үшін - QazVac, Sinopharm қолжетімді.