СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Баланың дүниеге келуі - әйел өміріндегі ең маңызды оқиға.
- Қаралды: 318
Бірақ бұл маңызды оқиғаға жүктіліктің алғашқы айларынан бастап дайындалу керек, дейді №3 қалалық емхананың мамандары.
Болашақ аналар үшін біздің емханада босануға дайындық мектебі өткізіледі, онда келесі тақырыптар қозғалады:
✅ ️ "Бала туу туралы түсінік. Бәрі қалай басталады";
✅ ️ "Табиғи ауырсынуды басатын әдістер; визуализация, босану кезіндегі релаксация";
✅ ️ "Тыныс алу техникасы, жиырылу кезіндегі позиция және босанудың екінші кезеңіндегі қалып";
✅ ️ "Емшекпен емізу. Перзентханада және үйде жаңа туған балаға күтім жасау";
✅️ "Жүктілік кезіндегі жаттығулар жиынтығы".
Мектептегі барлық сабақтарға тек теориялық білім ғана емес практикалық сабақтар да кіреді. Сабақ "Жас Толқын" ЖДО гинеколог дәрігері өткізеді.