СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының кезекті ассамблеясында 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілді
- Қаралды: 328
Содан бері айтулы дата әлемнің барлық дерлік елінде аталып өтіледі.
Бүгінде бір елді ғана емес, әлемді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұр. Оған қарсы күрес жүргізу үшін дүниежүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ. Еліміз де есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстарын белсене жүргізуде. Ол үшін аз қаражат та бөлініп жатқан жоқ. Нәтиже де жоқ емес… Егер қазірден бастап зиянды кеселдің алдын алмаса, 2030 жылға әлемде жыл сайын 8 миллионға жуық адам көз жұмып отыруы мүмкін екен.
Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар нашақорлық дертінің, есірткі кеселінің қандай зиян екенін жақсы біледі. Сондықтан да сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!