СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
№3 қалалық емхананың қызметкерлері өз білімдерін тұрақты түрде жетілдіріп отырады.
- Қаралды: 319
Бүгін олар "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" айлығы аясында өткен семинарға қатысты.
Спикер ретінде Сарыарқа ауданы полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Д.Д. Тайғожина шақырылды. Полиция қызметкері қатысушыларды ҚР-дағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқыққа қарсы әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы Заңмен таныстырды. Сонымен қатар психолог Асылбекова Ж.А. қызметкерлермен психологиялық тренинг өткізді. Іс-шара соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесуді "Жас толқын" ЖДО №3 ҚЕ алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.