СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
№3 қалалық емхананың "Жас Толқын" жастар денсаулық орталығының қызметкерлері тұрақты түрде жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Әр жолы елордалық колледж студенттері үшін өзекті тақырыптар мен қызықты спикерлер таңдалады
- Қаралды: 307
Бұл жолы нашақорлықтың алдын алу айлығы аясында гинеколог дәрігер Д.М. Түсіпбекова бірқатар семинар-дәрістер өткізді, дәрігер "Репродуктивті денсаулықты қорғау. Есірткіні қолданудың репродуктивті денсаулыққа әсері" және "Отбасын жоспарлау. Болашақ ата-аналар үшін алдын-ала дайындықтың маңыздылығы. Контрацепцияның заманауи әдістері" тұралы айтты. Бұл семинарлар Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің, сондай-ақ жоғары Сауда-экономикалық колледждің студенттеріне арналған.
Барлық материалдар жастар үшін қолжетімді және қызықты форматта ұсынылды. Спикер таңдалған тақырыптарды толық ашып қана қоймай, студенттердің сұрақтарына толық жауап берді.