СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-да өткен жиында Конституцияға енгізілетін толықтырулар бойынша өтетін алдағы референдум талқыланды.
- Қаралды: 337
Емхана директоры Нұрашева Сәуле Қуанышқалиқызы еліміздің басты заңына енгізілетін толықтыруларға байланысты ұжымға түсініктеме берді. Сәуле Қуанышқалиқызы референдумға мемлекет дамуы үшін маңызды конституциялық өзгерістер енгізілетіні туралы айтты. Бұл референдум – мемлекеттік үлгіні жаңаша нышанға айналдырудың нақты мүмкіндігі болып табылады.
Сөзінің соңында, емхана басшысы әріптестерін өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, сайлау аймағына келуге шақырды.
«Өйткені, Жаңа Қазақстанды құру мүмкіндігі әрқайсымыздың пікірімізге, дауысымызға байланысты», - деп атап өтті ол.