СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Репродуктивті денсаулыққа зиянды әдеттердің әсері туралы "Астана Профи" қалалық шаруашылық мекемесі мен Astana Polytechnic жоғары колледжінде айтылды.
- Қаралды: 409
Дәрісті "Жас Толқын" жастар денсаулық орталығының маманы Д.М. Түсіпбекова 1 курс студенттеріне өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында өтті. Студенттерге темекі, алкоголь және есірткінің зияны туралы айтылды. Зиянды әдеттердің денсаулыққа, атап айтқанда репродуктивті жүйеге әсері туралы мысалдар келтірді.
Сондай-ақ, гинеколог дәрісте түсік түсірудің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, соның ішінде АИТВ/ЖИТС, қажетсіз жүктіліктің алдын алу тақырыптарын қозғады. Контрацепция әдістері туралы мәселені бөлек атап өтті.
Шара аяқталғаннан кейін дәрігер студенттердің сұрақтарына жауап берді.