СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Артериялык гипертензия (АГ) - артериялық қан қысымының мерзімдік немесе тұракты жоғарылауы. Артериялық қысымның жоғарылау себебі күрделі және әралуан.
- Қаралды: 320
Шамамен әр үшінші ересек адамда артериялық қан қысымы жоғары, сонымен қатар негізгі қауіп факторлары - жүрек және бүйрек аурулары, инсульт пен жүрек кемістігі жиі.
Артериялық қысымның қауіпсіз деңгейі кемінде 140/90 мм с.б. Артериялық гипертензия көп жылдарға созылған жағдайда адам ағзасы біртіндеп жоғары артериялық қысымға бейімделеді, алайда жоғарылаған қысым тамырларға және олармен қуаттанатын ағзаларға - ми, жүрек, бүйрекке патологиялық әсер етеді. Ұзаққа созылған артериялық қысым жоғарыда келтірілген патологиялық үрдістер (тіпті шағымдардың болмауы жағдайында да) инсультқа, жүректің ишемиялық ауруына (стенокардия), миокард инфарктісіне, жүрек және бүйрек шамасыздығына әкелуі мүмкін. Артериялық қысымның жоғарылауы кезінде аса жиі болатын белгілердің бірі - бастың ауруы. Бұл жағдайда адам дәрігерге қаралуға мәжбүр.
Адам артериялық қысымды хал-жағдайы нашарлағанда ғана емес, сондай-ақ шағымдар болмаған жағдайда да тұрақты өлшеуі қажет.
Алдын алу шараларына мыналар жатады:
- артық салмақтан арылу (артық салмақтың 4-5 кг томендеуі АҚ-ның 5 мм с.б. темендеуіне алып келетіндігін білу маңызды)
- тәулігіне 5-6 грамнан артық тұз тұтынбау;
- көбірек қимылдау (жүйелі орташа және бәсең жүктемелер АҚ деңгейін тұрақты төмендетеді);
- стресс жағдайларынан аулақ болу (стресс жағдайларында қанағымға кортизол және адреналин лақтырылады, олар қалыпты артериялық қысымды арттырып, ағзаны қауіпке тойтарыс беруге дайындайды);
- шылым шегуден бас тарту (темекі шегу атеросклероздың жылдам және ерте дамуына себепші, темекі түтініндегі никотин тамыр қабырғаларын зақымдайды және тамырларда түйіндердің пайда болуына ықпал етеді). Нәтижесінде жүректің және бас миының артериялары бітеледі, бұл миокард инфарктісіне және инсультка алып келеді;
- сергітетін ішімдіктер мен алкогольден аулақ болу. Артериялық қысым тыныштық қалпында, ұйқы кезінде төмендейді, таңертеңгілік, қобалжу, дене жүктемелері және баска жүктемелер кезінде, сондай- ақ шылым тарту және алкогольді ішімдіктерді қабылдағанда артады.
Артериялық гипертензияның алдын алу әр адамның өз қолында!!!