СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
ҚАЗАҚСТАНДА 40 ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ
- Қаралды: 311
Ағымдағы жылдың басынан бері республикада 8 жаңа заманауи оңалту орталығы және 2 ерте араласу орталығы (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 17 ерте араласу орталығын (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін) ашу күтілуде
Соңғы екі жылда қалпына келтіру емі және оңалту төсектерінің саны 2 есеге артты (2575-тен 4216-ға дейін)
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 11 560 бала қалпына келтіру емінен өтті
Сондай-ақ, амбулаториялық оңалту белсенді дамуда: 2022 жылдың 1 тоқсанында 4,2 мыңнан астам бала емханалар деңгейінде медициналық оңалтудан өтті.