СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ

Република даңғылы 56
Тіркеу орны:
39-75-27
39-72-41
Біржан Сал көшесі, 1
Тіркеу орны:
54-70-73
39-72-41
Жылжымалы бригада
54-70-73,
+7-701-553-83-85
Пациенттерді қолдау қызметі
8 701 785 57 07

"Жас толқын" жастар орталығы

Эльвира Наурызбекқызы Құлыбекова – 25 жылға жуық еңбек өтілі бар аймақтық мейіргер.Тек қана «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ында 18 жыл еңбек етіп келеді. Ол бала кезінен бастап, медицина саласында жұмыс істеуді армандаған.

Енді оның міндеттеріне пациенттерді қабылдау үшін бөлме дайындау, дәрігер қабылдауына келген пациенттердің ағынын реттеу, электронды бланкілер мен жолдамаларды толтыру, медициналық манипуляцияларды орындау кіреді.Қажет болған жағдайда, Эльвира Наурызбекқызы шұғыл көмек көрсетеді. Сонымен қатар, оның емханадағы жұмысы: диспансерлік пациенттерді бақылау, сондай-ақ пациенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.


«Біз негізінен, жастармен жұмыс істейміз, біздің емханада елорданың барлық студенттері бақыланады.Жастар өз денсаулығына немқұрайлы қарайды және менің міндетім – оларды алдын ала тексеруден уақытында өтуді әдетке айналдыру, соған баулу. Мейіргер: «денсаулықты қорғау және оны сақтау тәсілі – алдын алу болып табылады», - деген сенімде.
Өз мамандығы туралы Эльвира Наурызбекқызы Құлыбекова мақтанышпен айтады. Ол әсіресе, пандемия кезінде, мамандығының маңыздылығын қатты сезінді. Эльвира Наурызбекқызы оқшаулау кезеңінде, провизорлық бөлімде еңбек етті. ПТР сынақтарын тапсыру кезінде, аймақтық мейіргер Эльвираның кәсіби дағдыларының пайдасы тиді. Ал сол күндері Эльвира Наурызбекқызының мейірімді жүрегі мен қайырымдылығы сырқаттанған пациенттермен тіл табысуға көмектесті, оларға әрі дос, әрі психолог бола білді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның №14-ші аймақтың мейіргері Эльвира Наурызбекқызы Құлыбекованы ұжымда әріптестері сыйлайды, емделушілер де құрметтейді.

Component 9.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі сағат 11.00-13.00

Астана қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56

Тіркеу орны:
39-75-27 (Республика д. 56),
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ПАЦИЕНТТЕРГЕ
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • ГАЛЕРЕЯ
  • СҰРАҚ ҚОЮ
  • МӘМС
  • БАЙЛАНЫС
  • Вакцинация
  • COVID-19
  • Бақылау кеңесі
  • Комплеанс қызметі
  • Қызмет көрсету аумағы
  • БАҚ біз туралы