СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
КІМ ДОНОР БОЛА АЛАДЫ?
- Қаралды: 345
Жасы 18-ге толған, донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ, салмағы 50 кг артық кез-келген дені сау адам донор бола алады.
ТЕКСЕРІП-ҚАРАУ
Қанды тапсыру алдында донор терапевттің қабылдауы мен алдын-ала медициналық зертетуді қатитын медициналық тексеруден өтеді. Қан тапсырудан бұрын өлшенген дене температурасы 37°С жоғары болмағаны жөн; жол берілетін систоликалық қан қысымы – 90-160 мм.сын.бағ., диастоликалық – 60-100 мм.сын.бағ.; тамыр соққысы – минутына 50-100 соққы болу керек.
Егер сізде төменде келтірілген тізімге кірмеген аурулар бар немесе қандай да бір дәрілерді қабылдайтын болсаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз, ол қан және оның компоненттерін тапсыру жайында шешім қабылдайды. Дәрігердің тексеріп-қарағаны мен донор мен дәрігердің әңгімесі – қан және оның компоненттерін тапсыру алдындағы міндетті шаралар болып табылады. Өзіңізді жайсыз сезінгеніңізді дәрігерден жасырмаңыз, сауалнама сұрақтарына шынайы жауап беріңіз, сонда ғана донорлық сіз және қан және оның компоненттерін қажет ететін пациенттер үшін қауіпсіз болады.
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР
Қан және оның компоненттерін тапсырудың белгілі қарсы көрсетілімдері бар. Жуық арада ауырған түрлі аурулар, операциялар, әлемнің кейбір жерлеріне бару – осының барлығы донорлықтан уақытша немесе мүлдем шеттету үшін негіз бола алады.
АИТВ инфекциясы, мерез, вирустық гепатиттер, туберкулез, қан аурулары, онкологиялық аурулар және тағы басқалар сияқты күрделі аурулардың бар болғаны абсолюттік қарсы көрсетілім болып табылады.
Уақытша қарсы көрсетілімдердің себебіне қарай түрлі мерзімдері бар. Кең таралған тыйымдардың бірі: тіс жұлу (10 күн), татуировка, пирсинг салу немесе инемен емделу (6 ай), ангина, тұмау, ЖРІА (сауығу сәтінен бастап 1 ай), етекікір (5 күн), түсік жасату (6 ай), жүктілік және бала емізу мерзімі (босанудан кейін 1 жыл, лактация аяқталғаннан кейін 3 ай), егулер.
Төменде келтірілген кестеде абсолюттік және уақытша қарсы көрсетілімдердің толық тізбесімен танысуға болады.