СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
№3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің және "Жас Толқын" жастар
- Қаралды: 307
№3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің және "Жас Толқын" жастар денсаулық орталығының қызметкерлері менеджмент, Бизнес және білім беру колледжінің студенттеріне "репродуктивті денсаулықты қорғау. Жасөспірімдер арасында түсік жасатудың, қажетсіз жүктіліктің алдын алу".
Кездесуде өз баяндамаларымен сөз сөйледі:
✅ Бескемпірова Агиля Болатовна-Нұр-сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы;
✅️ Тайғожина Дана Жанбекқызы - Сарыарқа ауданы ЖПҚҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы;
✅ Турымова Ажар Талғатқызы – ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының педагогы;
✅ Шакирова Гульнар Нарымбаевна және Диханова Айжан Жақсыбаевна - "Ана үйі"ресурстық орталығының аймақтық мамандары;
✅ Түсіпбекова Динара Мағауияқызы – №3 қалалық емхананың "Жас толқын" ЖДО гинеколог-дәрігері.
Жыныстық зорлық – зомбылықтың және жастардың жыныстық денсаулығының алдын алу, АИТВ-инфекциясының алдын алу, сондай-ақ жас аналар көрсетілетін жағдайлар талқыланды.
Мамандар аталған тақырыптың барлық аспектілерін қозғап қана қоймай, студенттердің сұрақтарына толық жауап берді.
Осындай кездесулерден кейін жастар жыныстық қатынастар мәселесіне өте мұқият қарайды және жағымсыз салдардың пайда болуына жол бермейді деп үміттенеміз.