СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәрілік заттарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
- Қаралды: 357
Сатып алуды ұйымдастырушы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№3 қалалық емхана" МКК-ны, Республика даңғылы,56 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі және сатып алу үшін бөлінген сома) осы хабарландырудың №1 қосымшасында (сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.
Жеткізу мерзімі мен шарттары - Өнім беруші өтінім бойынша жеткізуді шартқа қол қойылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырыс берушіден өтінімі бойынша мына мекен-жайда жүзеге асырады: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 56.
Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдау-тапсыру Актісіне қол қойған және өнім беруші шот-фактураны берген сәттен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүргізеді.
Мөрленген конверттегі әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 56, 1-қабат, №9 кабинет, 14.01.2022ж. бастап, сағ. 18.00-ге дейін, 21.01.2022ж. (жұмыс режимі сағ.09.00-ден-18.00-ге дейін) демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс 13.00-ден-14.00-ге дейін).
Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді ашу 22.01.2022ж. сағ.15-00-де Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы, 56, 2-қабат, 35 кабинетте жүзеге асады.
Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі хабарландыруда, сатып алу туралы шарттың жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық сипаттамасында көзделген сұрау салу талаптарына сәйкес, оның тауарларды беруді жүзеге асыруға келісімін білдіру түрі болып табылады.
Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысу үшін мынадай құжаттарды қамтитын мөрленген түрде 1 (бір) баға ұсынысын береді:
- Хабарландырудың қосымшасына сәйкес, нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген бағалар кестесі. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына жеткізуге байланысты барлық шығыстар, оның ішінде салықтар енгізіледі;
- Рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растайтын рұқсат;
- Ұсынылатын тауарлардың ҚР үкіметінің 04.06.2021 ж. №375 қаулысымен бекітілген Жалпы ереженің 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі – хабарландыру) сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі (хабарландырудың №1 қосымшасы) қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Әлеуетті өнім беруші мөрленген конверттің беткі жағында баға ұсыныстарымен бірге көрсетеді:
- әлеуетті өнім берушінің атауы, орналасқан жерінің мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық мекен-жайы,
- сатып алуды ұйымдастырушының атауы, орналасқан жерінің мекен-жайы,
- әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін және/немесе хабарландырудың 9-тармағының талаптарын бұза отырып, ұсынылған баға ұсынысы бар конверт әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында (www.3emhana.kz) жарияланады.Сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: мемлекеттік сатып алу бойынша есепші – Аубакирова Майра Сакеновна, тел: 8(7172)39-50-66.