СІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БАРМА? БАСЫҢЫЗ
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
54-70-23
Республика даңғылы 56
39-75-27
Біржан Сал көшесі, 1
54-70-73

Шетелдік азаматқа медициналық көмек көрсету

Денсаулық сақтау саласында шетелдіктердің құқықтары қалай реттеледі?

Денсаулық сақтау саласында шетелдіктердің құқықтары келесі нормалармен реттеледі:

  • Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңымен;
  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен;
  • Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің «Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келiсiмдi және Медициналық қызметтер ұсынудың тәртiбi бөлігiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келiсiмдi iске асырудың тетiгі жөнiндегі хаттаманы бекiту туралы» 2000 жылғы 29 ақпандағы №320 қаулысымен. Берілген Келісім тек ТМД қатысушылары болып табылатын мемлекеттердің ғана азаматтарының құқықтарын реттейді.
  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің «Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №665 бұйрығымен.

 

Шетелдіктерде Қазақстан территориясында медициналық көмек көрсетуге құқығы бар ма?

Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, денсаулық сақтау саласында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттілікте болады.

 

Шетелдіктер үшін тегін медициналық көмек көлемі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 5-тармағы шетелдіктердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес тек қоршаған адамдарға қауіп төндіретін жіті аурулар кезінде ғана тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығын қарастырады. Осындай ауруларға келесілер жатады:

  • Дифтерия
  • Қызылша
  • Қызамық
  • Көкжөтел
  • Жәншау
  • Жел шешек
  • Эпидемиялық паротит
  • А, В, С паратифтері
  • Полиомиелит
  • Жіті респираторлық вирустық инфекциялар
  • Тұмау
  • Менингококк инфекциясы
  • Тырысқақ
  • Іш сүзегі
  • Туберкулез
  • Күйдіргінің өкпелік түрі
  • Оба
  • Геморрагиялық вирустық қызба
  • А, Е вирустық гепатиті
  • Безгек
  • Жіті ішек инфекцияларының тобы

 

Шетел азаматтарына көрсетілетін медициналық көмек түрлері

2000 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы үшін денсаулықтың сақтау саласында берілген мемлекеттер азаматтарының құқықтары бекітілген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келiсiм заңды күшіне енді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету Ережелері бекітілді. Берілген нормативтік-құқықтық актілерде медициналық көмекті көрсету шектелген:

  • Жедел және шұғыл көмек;
  • Жоспарлы медициналық көмек.

 

Шетел азаматына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету

Жедел және шұғыл медициналық көмек – бұл пациенттің өз өміріне немесе қоршаған адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін оның физикалық немесе психикалық денсаулығының жіті бұзушылықтары кезінде көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені. Егер шетелдік Қазақстан территориясында уақытша немесе үнемі тұрса, онда оның өміріне немесе қоршаған адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін кенет жіті жағдайлар және аурулар, жазатайым оқиғаларғ уланулар, жарақаттар, босанулар және жүктілік кезінде кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде, ол кедергісіз, тегін және толық көлемде жедел және шұғыл медициналық көмекке құқылы. Медициналық көмектің берілген түрі медициналық сақтандыру полисінің бар-жоқтығына қарамастан кез келген емдеу-алдын алу мекемесінде көрсетіледі. Науқас өміріне немесе қоршаған адамдардың денсаулығына төнген қауіп жойылған сәттен бастап, одан әрі көрсетілетін медициналық көмек үшін ерікті медициналық сақтандыру немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетілген медициналық қызметтер үшін өзара есептесуді жүргізумен ақылы қызметтер шеңберінде төлем алынады.

 

Шетел азаматына жоспарлы медициналық көмек көрсету

Жоспарлы медициналық көмек - бұл пациенттің өз өміріне немесе қоршаған адамдардың денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін оның физикалық немесе психикалық денсаулығының жіті бұзушылықтары кезінде көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келісімге және көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету Ережелеріне сәйкес Қазақстан территориясында жүрген шетел азаматтарына жоспарлы медициналық көмек өз қаражаттары, сақтандыру компаниялардың есебінен ақылы түрде, сондай-ақ қайырымдылық жарналар мен кәсіпорындардың, ұйымдардың қайырымдылықпен сыйға тартулары есебінен шартты бағалар немесе қолданыстағы баға тізбесі бойынша өзара есеп айырысумен жүргізіледі.

 

logo-footer-kz.png
Директордың қабылдау бөлмесі
тел: 31-09-35.
Қабылдау уақыты әр сейсенбі сағат 11.00-13.00

Нұр-сұлтан қ., Сары-Арқа ауд.,
Республика даңғылы 56

Бірыңғай байланыс орталығы 109
Тіркеу орны: 39-75-27,
54-70-73 (Біржан Сал к., 1)
© Copyright 2021 site-pro.kz. All Rights Reserved.